Разделы презентаций


Үйсін мемлекеті

Содержание

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі'''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Үйсін мемлекеті
дайындаған: Ыбышева Қ.С.

Үйсін мемлекеті дайындаған: Ыбышева Қ.С.

Слайд 2

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы

белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің

тағы бір қайнар көзі'''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарыңа деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды.
Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері

Слайд 3
Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа

ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік

ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды.
Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың

Слайд 4 Қысқаша мәлімет
Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі

территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы

өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.
Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Қысқаша мәліметҮйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу

Слайд 5 Археологиялық

ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі

6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
Шаруашылығы
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.

Археологиялық ескерткіштеріЖетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді.

Слайд 6Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен

салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен

А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді.
 
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
 
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер

Слайд 7Үйсіндердің саяси құрылымы.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында

үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық

көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.

Үйсіндердің саяси құрылымы.Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл

Слайд 8Үйсіндердің этникалық тарихы

Үйсіндер турған жер

Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-батысҚытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Олар бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.
Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясыбойынша "усун" аталатын тайпаны "аспан" этнонимі деп білуге бейім. Енді бір пікір бойынша, қазір у-сунлеи аталатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде "а-сман", "аспан" деп оқылатын. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасыр) жазба ескерткіштерінде "уіиин", "уйіиин", "хуши" түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғасыр) кездеседі. Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың [[[Ұлы жүзі|Ұлы жүзіне]] ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.
Үйсіндердің этникалық тарихы

Слайд 9
Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халкының да құрамына кірген болуы керек.

Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады.
Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін

соғысып, бірде бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар болды. Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке:
сол қанат,
орталық қанат,
оң қанатқа бөлінді.
Бұл дәстүрдің кейінгі қазақтардағы үш жүздік жүйеде жалғасын тапқандығын біз білеміз. Ғұн, үйсіндер өзара мәдени-этностық жағынан жақын да болған сияқты. Сондықтан да грек-рим авторлары оларды кейде қосарлап, "ғұн-үйсін" деп те атайды.[1]


Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халкының да құрамына кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады.Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде

Слайд 10Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ

аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ

қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетге, құрьшыстардың екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мүндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз.
Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген.

Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі:

Слайд 11Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе

өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған.

Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м. Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді.
Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан,

Слайд 12Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының

жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір құрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен

оңтүстікке және керісінше ағу бағытына катаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақтізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір кыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумактық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен .
Кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгеріс- терді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.

Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір құрылыстарының өзара

Слайд 13Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің казіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс

деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін

белгілейтін материал алғанға дейін сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың үштасуы болып табылады. Біз сақтар мен үйсіндердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірақ олар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялық топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңцеріне тән екенін көрсетеді. Әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек. Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.
Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің казіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір

Слайд 14Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін

белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген

тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды құрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Беғазының (Орталық Қазақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т.б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік. Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да құрылымы өзгерген жоқ. Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін бөліп керсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән. Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. Ill—I ғасырларға, орта кезендегілері — б. з. I—III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. Ill—V ғасырларына қатысты.
Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал

Слайд 15 «Қаратал» кезеңі
Қаратал» кезеңі (б. з. б.

Ш—I ғасырлар) — ертедегі усундер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл

кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап калған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, Ақшоқы-4, Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормақ-1, Бұрана, Шелпек обалы қорымдары.
Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олардың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртына оны айнала дөңгелете белдеулеп тас қаланған 5—10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1—2 немесе 3—4 қатардан тұрады.[1]
Бұрыштары сәл дөңес қабір шұңқырлары шығыстан батысқа қарай қазылған. Шұнқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабьшған. Өлік шұңқырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, қолын қапталына созып, басы батысқа қаратылып қойылған. Өліктің бір қолын шынтағынан бүгіп жерлеу өте сирек кездеседі. Шұңқырдың батыс бөлігіне, өліктің бас жағына қыш ыдыс қойылған. Марқұм тамақпен — қойдың сан етімен «жабдыкталған». Қабірге өлген адамның немесе әйелдің өзінің тұтынып жүрген заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншақтар, алтын, күміс және қола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары салынған.

«Қаратал» кезеңі Қаратал» кезеңі (б. з. б. Ш—I ғасырлар) —

Слайд 16 «Жетісу» кезеңі
«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар)

— үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп

және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы қорымдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Ақтас-7, Сарытау-1,2, Ақшоқы- 3,4, Өтеген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Шормақ-2,3, Ащысу, Ақтерек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3,Тайғақ-1, Алтынемел-1, 3, 4, Капшағай-2, Қалқан-4, Алатөбе-1, Ақтас-4, Қараша, Шошкөқалы, Ұзынбұлак, Қызылқайнар. Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналасқан. Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен жабылған шұнқырлар саны кемиді. Мола құрылысының жаңа үлгісі - бүйірінде ұңғымасы бар шұнқыр пайда болады, ол шұнқырдан және оның бір жақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік койылатын ұңғыма лақаттан тұратын болды. Ұңғыма әдетте шұңқырдың солтүстік қабырғасынан қазылған.
Қабір қазудың тағы бір түрі — «ақымды» түрі пайда болады. Бүл — сырғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған қалкамен бөлінген жерден қазылған шұңқыр. Қалқаның жоғарғы жағы шұңқырдың солтүстік қабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге қыш ыдыстар бұрынғыдан гөрі көбірек — көбінесе алты-жеті ыдыс қойылатын болды, ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпақ болып келетін болды.

«Жетісу» кезеңі «Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған

Слайд 17 «Іле» кезеңі
«Іле»

кезеңі (б. з. Ill—V ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының

кейінгі сатысы. Зерттелген көп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үңгірқора-2, Шолакжиде-1 қорымдары. Соңғы кезеңде зираттардың жүйесіз салынуы дағдылы болған, кейде бірнеше тізбек (әркайсысында 5—7 үйіндіден) қыстау-қоныстың маңына орналасады (Ақтас тобы). Кейде үйсін қабірлері арасынан бірлі-жарым түрік обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөңгелете тас қалаған обалар жасалмай, тастан қаланған шеңбер жоғарғы жағынан топырақпен көміледі. Қабірлер екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап қазылған лақат. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек көзелер, дөңккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды. Үйсін мәдениеті op түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600—700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.
«Іле» кезеңі «Іле» кезеңі (б. з. Ill—V ғғ.) —

Слайд 18Үйсіндердің көрші халықтармен қарым-қатынасы
Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси

бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағы- на

және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з.б. II ғасырда халқының саны 630 мың адам болған үйсіндер атты әскерлер мен жаяу садақшылардан тұратын көп әскер шығара алған. Гуньмо мен тақтың екі мұрагерінің жасағы әрқайсысында 10 мыңнан 30 мың атты әскерден тұратын. Б. з. б. 73 жылдың өзінде-ақ үйсіндердің жері үш бөлікке: сол жақ (шығыс), он жақ (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық бөліктерге бөлінді, бірақ олардың бәрі «Гуньмога жоғаргы дәрежеде тәуелді» болды. Оның ордасы Чананнан 8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) солтүстігінде 610 болатын, Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында орналасқан Чигу қаласында болды.
Үйсіндердің көрші халықтармен қарым-қатынасы Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің

Слайд 19Б. з. б. 64—51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке

араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұқарасы гуньмоның гүн тегінен тараған

мұрагерлеріне көрінеу іш тартты, сондықтан үйсін- дердің халқы мен аумағы екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмога бөлінді де, олардың қарамағындагы жерлердің шекарасына межелер қойылды.
Үйсіндердің тарихы кіші гуньмолардың үстемдік үшін ұлы гуньмоларға қарсы, ғұндарды қолдайтын және ханьдарды жақтайтын саясат жағындағылар арасындағы өзара қырқысқан күрестерге толы. Мәселен, 60-жылдардың аяқ кездерінде қайтыс болған Унгуйми гуньмонын ғұн ханымынан туған ұлы Уцзюту патшалық құрып тұрған гуньмо Нимиді (Куан-ван) өлтіріп, билікті тартып алды да, халықтың қолдауымен өзін гуньмо деп жариялады. Б. з. б. 14 жылы ұлы гуньмо Цылими кіші гуньмоМочжэнньцзянның тапсыруымен өлтірілді. Деректемелерде Цылимиді ол «бағындырып алады деп қауіптенген» Мочжэнньцзян өлтірді деп тура көрсетіледі. Цылимидің билік жүргізген уақыты — б. з. б. 45—14 жылдардың арасы — үйсін мемлекетінің дәуірлеген кезі болса керек, өйткені ол «билікті берік ұстады» және иеліктерінде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік... орнады».

Б. з. б. 64—51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұқарасы гуньмоның

Слайд 20Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің бөлігінде немесе ықпалында болған деп

жорамалдауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» — үйсіндер «өзіне басқа да

көптеген иеліктерді бағындырды», «Давань-чжу- аньда» — «көршілес шағын иеліктерге шабуыл жасады» деп көрсетіледі, ал Янь Ши-гу: «бағындырган бойда вассалдарға айналдырады» деп нақтылай түседі. Хюсюньдер, гюаньдулар (цзюаньдулар), юйтулар немесе уштар сондай тайпалар мен иеліктер болса керек. Әдет- ғұрпы мен киім-кешектеріне қарағанда олардың бәрі үйсіндерге жақын тайпалар. Б. з. б. I ғасырда Согюй немесе Яркян иелігінде жергілікті аксақалдар мен билеушінің өтініші бойынша, «үйсіндіктердің ізгілікті мейіріміне бөлену» үшін гуньмо Ван-Гуймидің ұлы Ваньнянь билеуші болды. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мәселен, б. з. б. 69 жылы нақ сол Ван-Гуй ми өзінің қызы Дишиді Кучи билеушісі Гянбиньге берген. Үйсіндермен одақ жасасуға мүдделі болған Хань империясы мен Ғүндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Мәселен, солтүстіктегі чештердің билеушісі Угу ғұндардан бас сауғалап, б. з. б. 68 жылдан 62 жылға дейін үйсіндерде тұрған.
Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің бөлігінде немесе ықпалында болған деп жорамалдауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» — үйсіндер

Слайд 21Хань дәуірінің әлеуметтік хроникаларында үйсіндердің саяси тарихынан фактілер келтіру шамамен алғанда

б. з. б. III ғасырға дейін жеткізілген. Ортаңғы империяның соңғы

кезендерінің кейбір жазбаша деректемелерінде де үздік-создық мәліметтер келтірілген. «Бэйшуда» (Юань- вэй әулетінің тарихы) б. з. б. 437 жылы хань сарайына үйсіндердің елшілер жібергені туралы хабар ба. Археологиялық материал, әсіресе Шығыс Жетісу аумағынан (Ақтас-2 қонысы, Ақтасты-1,4—6, Сарытау қорымдары) табылған археологиялық материал үйсіндер түріктерге дейінгі заманда әлі де кен-байтақ жерде өмір сүре бергенін дәлелдейді. Ол былай тұрсын, нақ сол деректер бойынша (Ақшокы-3, Өтеген-l қорымдары) ертедегі үйсіндер мәдениеті бұрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік кағанаттарының бақылауында болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің заманымыздағы X ғасырдың өзінде деректемелер беттерінде үйсін атауы қайтадан пайда болады. Мәселен, император Тайцзунның хроникасында 938 жылғы тугухунь, үйсін және мохэ тайпалары туралы жазба бар. Ляо империясы заманында «үйсіндердің тоғыз бірлестігі» болғаны «Винвэйчжиден» мәлім.
Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.

Хань дәуірінің әлеуметтік хроникаларында үйсіндердің саяси тарихынан фактілер келтіру шамамен алғанда б. з. б. III ғасырға дейін жеткізілген.

Слайд 22 Үйсін дәуірінің ескерткіштері
Үйсін Дәуірінің Ескерткіштері— ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен

оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 —

б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған. Үйсін дәуіріне қарасты алғашқы бірнеше обаны 19 ғасырдың ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы облысы аумағынан зерттеген. 1920 жылы М.В. Воеводский мен М.П. Грязнов Қырғызстанның солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде нақтылады.
1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының, заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар дүниеге келді.

Үйсін дәуірінің ескерткіштері Үйсін Дәуірінің Ескерткіштері— ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған

Слайд 23Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті

сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар. Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің ескерткіштерінің жерлеу үрдісі,

шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді ескерткіштер де көптеп кездеседі.
Ең аз зерттелген жәдігерлерге тастағы таңбалар, осы кезеңдегі металлургия орындары жатады. Металл бұйымдарынан тұратын археологиялық көмбелер де белгілі. Дөңгелек, сирек жағдайда сопақша пішіндегі обалар топырақтан үйіледі, ал мұның шағын тастардан түзілген сақина-қоршаулары бірнеше түрде орналасады:
үйіндінің шетін ала;
үйінді шетінен 1 — 2 м, не одан сәл көбірек қашықтықта;
үйіндінің астында, оның шетіне жақын;
үйіндінің бетінде.
Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі — беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 — 2 ыдыс), бірен-саран қола,темір бұйымдар (пышақ, түйреуіш, т.б.), сырға, білезік сияқты түрлі әшекейлер, айналар, кейде қайрақ, дәнүккіш тәрізді тас құралдар кездеседі. Көп жағдайда қабірге мүрдемен бірге қойылатын арнайы ет тағамы болады. Бұл ең алдымен қойдың құйрық, ұша сияқты артқы жағы. Садақ жебелері, қанжарлар сияқты қару-жарақ тым аз кездеседі, бұл жалпы үйсін обаларына айрықша тән құбылыс.

Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар. Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің

Слайд 24Ғылымда Үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан:
1. “Қаратал сатысы” б.з.б. 3

— 1 ғ-ларды қамтитын алғашқы саты (Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Бесшатыр-2, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, т.б. қорымдар) обалары

осының алдындағы соңғы сақ кезеңі ескерткіштеріне ұқсас келеді. Қорымдарының саны 5 — 10, кейде одан көп болатын обалар бұл кезеңде көбіне солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасады. Бұл уақыттың аса көрнекті ескерткіштері қатарына Қарғалыдан табылған көне өнер бұйымдарының жиынтығы жатады (алтын тәті, жүзіктер, таутеке мүсіндері, сырға, көптеген жапсырмалар).2. “Жетісу сатысы” б.з. 1 — 3 ғ-лар обалары саны жағынан ең көбі болып табылады (Талғар-1, -3, Бастау-2, -3, Ақтас-7, Сарытау-1, -2, Ақшоқы-3, -4, Өтеген-2, -3, Бесшатыр-1, -3, -4, т.б. қорымдар). Бұл кезеңде обалардың тізбектеле орналасу үрдісі жойылып, ретсіз топтала орналасуы қалыптасқан. Қабірлердің лақыты бар жаңа түрі пайда болды. Мүрде жанына бұрынғыға қарағанда көптеп қойылатын (6 — 7 ыдысқа дейін) қыш ыдыстардың түбі көбіне дөңес емес, жайпақ келеді.3.“Іле сатысы” б.з. 3 — 5 ғасырларында обалар саны азая түседі де, көбіне олар қыстақ-қоныстар маңында орын тебеді (Ақтас-1, -3, -6, Үңгірқора-2, Шолақжиде-1 қорымдары).Үйсін қорымдары, әсіресе, Іле, Талас, Кеген, Шарын, Есік алқаптарында кеңінен тараған. Қырғызстан жерінде де түрлі деңгейде зерттелген қорымдар көптеп саналады. Ақышев басқарған Жетісу экспедиция жұмыстары барысында 1960 жылы Кеген өзені алқабында зерттелген Ақтас-2 қонысының аумағында тұрғын үй қызметін атқарған барлығы 5 құрылыс пен бірнеше шаруашылық орындардың болғандығы анықталды. Мұндағы ішінде тас ошағы бар “шаршы құрылыс” дәл ортада орналасса, оған жапсарлас салынған, ұзын жіңішке дәліз арқылы кіретін “үлкен құрылыстың” ауданы 126 м2. Жылуды сақтау мақсатында біріне-бірі жалғастыра, тіркей салынатын үй-жайлар тастан қаланып, тұрғын бөлмелердің едені балшықпен мұқият сыланып отырған.

Ғылымда Үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан:1. “Қаратал сатысы” б.з.б. 3 — 1 ғ-ларды қамтитын алғашқы саты (Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Бесшатыр-2, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1,

Слайд 25Ескерткіштер нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей

жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды қажет ететін мәселелер

бар. Ең алдымен бұл “Жетісу сатысының” (б.з. 1 — 3 ғ-лар) обаларындағы мұның алдында кең тарамаған лақытты жерлеу дәстүрінің пайда болуына байланысты. Осыған назар аударған ғалымдар (Ю.А. Заднепровский, т.б.) ерте кезеңге тән лақытсыз, яғни қарапайым шұңқыр қабірлер мен лақытты қабірлер әр түрлі тайпалардікі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Өз кезегінде, қабір құрылысының мұндай әркелкілігі Қытай жазбаларындағы Үйсін ұлысына кейіннен қосылған бұрынғы жергілікті “сэ” (сақ) халқының ұрпақтары да тұрады деген деректермен, сондай-ақ юечжи тайпаларының осы батыс өлкелерге жылжығандығы туралы мәліметтермен байланыстырылады.
Б.з. 1-мыңжылдықтың 1-жартысына жататын ескерткіштерде ғұн мәдениетінің әсерлері біршама анық байқалады. Бұл әсіресе, полихромды нақышпен жасалған өнер бұйымдары көптеп табылған Теңлік, Ақтасты қо-рымдарынан нақтырақ көрінеді. Үйсін дәуірінің ескерткіштері жайлы ойларын қорытындылай келе, көрнекті ғалым К.Ақышев
[1996] ж. арнайы зерттеулер неғұрлым кеңірек жүргізіліп және стратиграф. қабаттарды ажыратуға ерекше көңіл бөлінсе, Жетісудың Сүмбе, Лепсі, Суяб, Құлан, Батыс Ақтөбе сияқты көптеген ортағасырлық қалаларының астынанүйсін дәуірінің қабаттары ашылуы әбден мүмкін деген аса маңызды пікір айтты.

Ескерткіштер нақты кезеңдерге ажыратылғанымен, мұндағы мәдени даму үрдістері ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келген. Үйсін дәуірінің обаларындағы жерлеу үрдісіне байланысты анықтауды

Слайд 27 Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика