Разделы презентаций


?біл?айыр М??амбет ?ази ба?ад?р хан

Содержание

Әбілқайыр хан1693 - 1748

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадүр хан

Әбілқайыр  Мұқамбет Ғази баһадүр хан

Слайд 2
Әбілқайыр хан
1693 - 1748

Әбілқайыр хан1693 - 1748

Слайд 3
Ал тарихшыларымыздың есептеуі бойынша, биыл Әбілқайыр ханның туғанына 320 жыл

толады. Ол - Қазақ Ордасын құрған Әз Жәнібек ханның бесінші

ұрпағы. 1710 жылы 17 жасында - Кіші жүз ханы болып, 1726 жылы қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып сайланған Әбілқайыр бабамыздың тарихымызда алатын орны ерекше.

Ал тарихшыларымыздың есептеуі бойынша, биыл Әбілқайыр ханның туғанына 320 жыл толады. Ол - Қазақ Ордасын құрған Әз

Слайд 4
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз

Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса, ол хан

әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан, одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын

Слайд 5

Әбілқайыр - қазақ халқының тарихына тұтастай үлесі бар тұлға 1710

-1748 жылдары кіші жүздің ханы болған. Оның ғұмыр кешкен кезеңі

Қазақ хандығының бірлігі әлсіреп, үш жүздің және рулардың да хан-сұлтандары өз беттерінше болмақ пейілге бойұрған тұсы еді. Осыны пайдаланған Еділ қалмақтары мен жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, елді Ақтабан шұбырындыға ұшыратты. Ресей мен Қытайдың да пейілдері оң болмады. Мұндай жағдайда орталықтандырылған біртұтас билік, берік бірлік, қатаң тәртіп қажет еді. Ең бастысы қабілетті, табанды ел басшысы керек-ті. Бірақ бақталастық пен тақталастық, алауыздық ол билікті мықтыға емес, әлсізге жығып берді. 1715 жылы әз Тәуке дүние салғаннан кейін, Әбілқайыр да үлкен хандыққа - қазақ хандығына үміткер болғанымен, мұрагерлік жолы бойынша хандыққа Болат сайланады.
Әбілқайыр - қазақ халқының тарихына тұтастай үлесі бар тұлға 1710 -1748 жылдары кіші жүздің ханы болған. Оның

Слайд 6
Әбілқайыр батыр басшылық жасауға қабілетті кісі болған. Соғыста әдіс-айла, тапқырлық

таныта білген. Оны кіші жүз хандығына да, қазақ жасағының қолбасшылығына

да жеткізген осы қабілеттері. Оның қолбасшылық қабілеті, әсіресе 1726-1730 жылдар аралығындағы жоңғарларға қарсы Отан соғысында айрықша көрінеді.
Әбілқайыр батыр басшылық жасауға қабілетті кісі болған. Соғыста әдіс-айла, тапқырлық таныта білген. Оны кіші жүз хандығына да,

Слайд 7
Әбілқайыр ханды өз замандастары тұсында да, кейін де «орысқа қарады»

деп кінәлаушылық орын алып келеді. Алайда сол заманда көреген кісіге

халықты жан-жақтан төнген қауіптен, мүлде ыдырап кетуден сақтаудың Ресейге арқа сүйеуден басқа жолы жоқ-ты. Бұл кейін орта жүздің де, ұлы жүздің де билеушілерінің мойындап қол қойған шындығы еді. Әлбетте Ресей империясының да соған жалғасқан Кеңестік одақтың пайдасымен бірге, ұлттық мүддеде зардапты жағдайлары болғаны мәлім. Алайда, мойындауымыз керек, қалай десек те қазақтың XVIII-XX ғасырлардағы зұлматтардан ұлттығын сақтап, тілін, ділін, салт-санасын мүлде жойып алмай, негізінің аман шығып, бүгінгідей тәуелсіз елге айналып, іргелі мемлекет болып отыруында. Ол таңдаудың «Алыс та болса жақын жол» болғанын көреміз.

Әбілқайыр ханды өз замандастары тұсында да, кейін де «орысқа қарады» деп кінәлаушылық орын алып келеді. Алайда сол

Слайд 8
1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің

қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты

Бөкенбай батыр тағайындалды.

Бөкенбай батыр 1690 -1775 ж.ж.

1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен

Слайд 9
ХҮІІІ ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең

болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр

бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды.
ХҮІІІ ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп

Слайд 10
1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен

қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және

білгір саясаткер болды.
1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып,

Слайд 11
1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен

батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады.

Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ, бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ.
1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас

Слайд 12
Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары

да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың

басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды.
Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен

Слайд 13
1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау

тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар

қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады.
1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында

Слайд 14
1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған

қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста

қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды.
1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы

Слайд 15
Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан

бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген

қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды.
Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді.

Слайд 16
Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына

еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші

жібереді. 1731 жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді.
Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730

Слайд 17
Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді,

хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ

болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады.
Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен

Слайд 18
Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар

қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген

сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады.
Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды.

Слайд 19
Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе

білді.
Абылайдың бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың қызы.

Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш - Әбілқайырдың

Слайд 20
Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ

даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды.

1737-38 жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді.
Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды

Слайд 21
Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға

ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен

қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді.
Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі - Орта жүздің сұлтаны

Слайд 22


Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын

тұсында, Торғай қаласынан 80 km жерде. Кейін бұл жер
«Хан

моласы»
аталды.
Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 km жерде. Кейін

Слайд 23Әбілқайырханның әйелі Бопай ханым
Бопай ханым
1690-1780 ж.ж.
Бопай ханшайым-Әбілқайыр хан зайыбы.

Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮIII ғасыр

болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі-Бопай (Бәтима) болған. Бопай − Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай жалтақсыз қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айырықша икемділік-тапқырлық танытып отырған.
Әбілқайырханның әйелі Бопай ханым Бопай ханым 1690-1780 ж.ж.Бопай ханшайым-Әбілқайыр хан зайыбы. Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі

Слайд 24
Мұны Бопай ханымның орыс патшайымдары Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, бригадалық

генерал А.И.Тевкелевке, Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке, канцлер А.П.Бестужев-Рюминге жазған хаттарынан және

ол хаттардағы ел мүддесіне қатысты ұстанған әрекет-ниеттерінен айқын аңғаруға болады. Тарихшы А.И.Левшин: «Бопай... өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті»,− деп жазды.
Бопай ханым ұзақ жасап, тоқсанға жақындаған жасында 1780 жылы дүние салды. Топырақ бұйырған жері Елек өзенінің бір тармағы − Жосалының жоғарғы жағындағы қорым. Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның арасынан Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ есімді бес ұл туған

Мұны Бопай ханымның орыс патшайымдары Анна Иоановнаға, Елизавета Петровнаға, бригадалық генерал А.И.Тевкелевке, Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке, канцлер А.П.Бестужев-Рюминге

Слайд 25
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика