Разделы презентаций


Желілілер типі.слайд

Содержание

Желілілер типі Желілілер типі – денесі үш қабаттан тұратын, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғары топ.Бұл типке жататын жануарлардың арқа жағында бас пен құйрықты

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Желілілер типі.Желілі жануарларды жіктеу.

Сабақтың тақырыбы:Желілілер типі.Желілі жануарларды жіктеу.

Слайд 2Желілілер типі

Желілілер типі – денесі үш қабаттан

тұратын, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы

ең жоғары топ.Бұл типке жататын жануарлардың арқа жағында бас пен құйрықты жалғастыратын созынды –желі болады.Дененің басқы бөлігін құйрығымен жалғастыратын арқа созындысы керілген желіге ұқсас болғандықтан, қарастырылатын тип желілілер типі деп аталады. Желілілердің сыртқы пішіні, тіршілік әрекеті, мекен ортасы әр түрлі жануарлардан құралады.Олардың 40-45 мыңдай түрі бар.Желілілер құрлықта ,топырақта, суда, ағаш басында мекендейді.Ауада ұшып тіршілік ететін түрлері де бар.
Желілілер типі   Желілілер типі – денесі үш қабаттан тұратын, екі жақты симметриялы, соңғы қуысты, жануарлар

Слайд 3 Желілілерге тән негізгі ерекшеліктер:
Ұрығының дамуы кезінде арқа

жағында серпімді әрі тығыз арқа желісі болады.Желі –төменгі сатыдағы жануарларда

өмір бойы сақталып, ішкі қаңқаның қызметін атқарады.Жоғары сатыдағы жануарларда желіден омыртқа жотасы пайда болады.
Желінің үстіңгі жағында ұзынынан орналасқан жүйке түтігі болады.Омыртқалы жануарларда жүйке түтігінің алдыңғы ұшы жуанданып –миға, ал соңғы бөлігі жұлынға айналады.
Суда тіршілік ететін желілілерде жұтқыншақ қабырғасындағы желбезек саңылауы өмір бойы сақталады да, ал құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда желбезек саңылауларының орнына өкпе пайда болады.
Қанайналым жүйесі –тұйық.Жүрегі кеуде қуысының төиенгі жағына таман орналасады.
Желілілерге тән негізгі ерекшеліктер:  Ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді әрі тығыз арқа желісі болады.Желі

Слайд 4
Желілілер типі

Бассүйексіздер
Қабықтылар
Омыртқалылар

Желілілер типіБассүйексіздерҚабықтыларОмыртқалылар

Слайд 5Бассүйексіздер тип тармағы.Қандауырша.
Бассүйексіздер –типтің негізгі белгілерін өмір бойы сақтайтын,

көбінесе су түбінде тіршілік ететін теңіз жануарлары.
Қара теңіздің Севастополь

маңындағы құм қайырларынан кандауырға ұқсас, мөлдір денелі кішкене жануарды кездестіруге болады, ол дене пішініне байланысты қандауырша деп аталады.
Қандауырша –омыртқасы жоқ желілі жануар.Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.

Бассүйексіздер тип тармағы.Қандауырша.  Бассүйексіздер –типтің негізгі белгілерін өмір бойы сақтайтын, көбінесе су түбінде тіршілік ететін теңіз

Слайд 7 Асқорыту жүйесі.
Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Оның

асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз қуысынан басталады.Денесін бойлай созылған желінің

астыңғы жағында бірнеше бөліктерден құралған асқорыту түтігі жатады.Түтіктің ауызға жалғасқан бөлігі жұтқыншақ деп аталады.Жұтқыншақта көлденең орналасқан бірнеше желбезек саңылаулары бар.Ол дене мен саңылаулар арасында желбезек қуысы түзеді.Жұтқыншақ –ішекке жалғасады да ішек түзу қалпында аналь тесігімен аяқталады.Қандауыршаның аузына түскен ұсақ қоректік заттар түйіршігі ауыздан жұтқыншаққа, одан түзу ішекке қарай бағытталады.
Асқорыту жүйесі.  Қандауырша судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді.Оның асқорыту жүйесі мұртшалармен жиектелген ауыз қуысынан басталады.Денесін бойлай

Слайд 8Тыныс алу жүйесі.
Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары

арасындағы перделер арқылы тыныс алады.Оның асқорыту және тыныс алу мүшелерінің

қызметі бірлесіп кеткен.Ауыздан жұтқыншаққа өткен су желбезек саңылаулары арқылы желбезек маңындағы қуысқа барғанда оның қабырғаларындағы қылтамырлар торабына сіңіп, қандауырша денесіне оттегіні береді, сондай-ақ қорытылған қоректік заттар денеге өтеді.Қандағы көмірқышқыл газ суға шығарылады да, газға қаныққан су жануардың аналь тесігі арқылы сыртқа бөлінеді.
Тыныс алу жүйесі.  Қандауырша жұтқыншақтың қабырғасындағы сансыз желбезек саңылаулары арасындағы перделер арқылы тыныс алады.Оның асқорыту және

Слайд 9Қанайналым жүйесі.
Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта

болатын ірі қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер жасап, тұйық жүйемен

денеге таралады.Мұның қантамырлар жүйесі буылтық құрттардың қантамырлар жүйесіне ұқсас.

Қанайналым жүйесі. Қандауыршада жүрек болмайды, түссіз қан арқа және құрсақта болатын ірі қантамырлардың жиырылуы арқылы бір шеңбер

Слайд 10Зәр шығару жүйесі.
Қандауыршаның зәршығару мүшесі желбезек қуысында орналасады.Бөлінген қалдық

зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы желбезек қуысына бөлініп

шығады.

Зәр шығару жүйесі.Қандауыршаның зәршығару  мүшесі желбезек қуысында орналасады.Бөлінген қалдық зат желбезек қуысындағы өте ұсақ өзекшелер арқылы

Слайд 11Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері
Қандауыршаның жүйке жүйесі желі үстінде

арқаны бойлай созылып жатқан түтік тәрізді өте қарапайым құрылысты болып

келеді.Жүйке түтігінен дененің үстіңгі жағына және ішкі мүшелерге қарай жүйкелер тармақталып таралады.Қандауырша сыртқы химиялық және қарапайым тітіркеністерді сол жүйке тармақтарымен қабылдайды.Қандауыршаның сезім мүшелері өте нашар дамыған.Оның есту мүшесі және көзі жоқ.Алайда күшті жарықтан қандауырша тітіркенеді.Тепе-теңдік мүшесі болмағандықтан, қандауырша суда жүзгенде бір бүйірінене екінші бүйіріне аударылып, денесін қалыпта ұстай алмайды.Судың химиялық қасиетін иіс сезу шұңқыры арқылы сезіне алады.Ауыздың төңірегіндегі мұртшалары сипап сезу қызметін атқарады.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері Қандауыршаның жүйке жүйесі желі үстінде арқаны бойлай созылып жатқан түтік тәрізді өте

Слайд 12Көбеюі және дамуы.
Қандауыршаның жұптасқан аналықбезі мен аталықбезі желбезек саңылауының

маңындағы дене қуысында бірнеше қатар бұдырмақтар түзіп жатады.Сырттай ұрықтанған уылдырықтан

тұрқы 3,6 -5,2 мм дернәсіл дамып, үш айға дейін сол сатыда тіршілік етеді.Дернәсілдер екінші –үшінші жылы жыныстық жағынан толысады.
Александр Онуфриевич Ковалевский –қандауыршаның көбеюі мен дамуын, құрылысы мен тіршілігін терең зерттеген ғалымдардың бірі.Кезінде «Омыртқасыз –желілі жануар» деп аталған қандауырша желілі жануарлардың шығу тегін анықтауда жануарлар тобының арасындағы байланысты айқындауға мүмкіндік берді.

Көбеюі және дамуы. Қандауыршаның жұптасқан аналықбезі мен аталықбезі желбезек саңылауының маңындағы дене қуысында бірнеше қатар бұдырмақтар түзіп

Слайд 14Қабықтылар тип тармағы.Асцидия.
Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды,

қалың тығыз қабықпен қапталатын шалажелілі жануарлардың бірі –асцидия. Олар теңіз

түбінде орнықты, жалғыз дара, кейбіреулері шоғырланып өмір сүретін қабықтылар тип тармағының бір класын құрайды.Қабықтылар тип тармағына жататын жануарлардың денесін қалың тығыз, құрамы жасуныққа жақын заттар қаптайды.Сондықтан олар қабықтылар деп аталады.Желісі тек дернәсіл кезінде ғана болатындықтан, олар дернәсілжелілілер тип тармағы деп те аталады.

Қабықтылар тип тармағы.Асцидия. Желісі дернәсіл кезінде ғана болатын, соңғы ауызды, қалың тығыз қабықпен қапталатын шалажелілі жануарлардың бірі

Слайд 15Асцидияның денесі күбі пішіндес тегіс немесе бұдырлы болып келеді, тұрқы

-1мм- ден 30 см-ге дейін жетеді.Асцидияның ауыз сифоны -дененің жоғарғы

жағында, қажетсіз қалдықтарды шығаратын клоакалық сифонның бүйірінде орналасады.Дернәсіл есейгенде қаңқасы жойылып кетеді.Жүйке түйіндері бар.
Асцидияның денесі күбі пішіндес тегіс немесе бұдырлы болып келеді, тұрқы -1мм- ден 30 см-ге дейін жетеді.Асцидияның ауыз

Слайд 17Асқорыту ауыздан басталады.Қорек ауыз сифоны арқылы желбезек саңылаулары

бар жұтқыншаққа, одан қарынға түседі.Қалта тәрізді қарыннан қысқа ішекке

жылжып, клоакалық түтік арқылы сыртқа шығарылады.Арнаулы зәр шығару мүшесі жоқ.Желбезектер тынысалу мүшесінің қызметін атқарады.Қанайналым жүйесі –ашық .Асцидиялар –қосжынысты жануарлар.Дара өмір сүретіндері -жынысты жолмен, ал шоғырлы асцидиялар жыныссыз жолмен, бүршіктеніп көбейеді.
Асқорыту ауыздан басталады.Қорек  ауыз сифоны  арқылы желбезек саңылаулары бар жұтқыншаққа, одан қарынға түседі.Қалта тәрізді қарыннан

Слайд 18Ішектыныстылар класы –шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы.Бұлардың денесі еттітұмсықты бас,

жаға және тұлғадан тұрады. Еттұмсық пен жаға ұласқан тұста ауыз

орналасқан.Ауыз жағаны бойлай созылған жұтқыншаққа жалғасады.Жұтқыншақтың арқа жағынан еттұмсықтың ішіне қарай тұйық өскен –желі бұлтиып шығып, еттұмсықтың ортасына дейін жетеді.Сондықтан бұл топ –шалажелілілер деп аталды.Шала желі еттұмсықтың астынғы жағына таман орналасады.Жұтқыншақ ішекке жалғасып, дененің соңғы бөлігіндегі аналь тесігінде аяқталады.Желбезек саңылаулары жұтқыншақта орналасады.Желбезек арқылы тыныс алады.Қанайналым жүйесі –ашық.Түтік жүйке жүйесі бар.Олар –дара жынысты.Дернәсілі –торнария деп аталады.Ішектыныстылар класының өкілі –баланоглосс.Баланоглостың анатомиясын жан жақты зерттеген орыс зоологы және эмбриологы А.О.Ковалевский 1866 жылы оны желілі жануарлар қатарына жатқызды.  
Ішектыныстылар класы –шалажелілілер типіне жататын жануарлар тобы.Бұлардың денесі еттітұмсықты бас, жаға және тұлғадан тұрады. Еттұмсық пен жаға

Слайд 191.Сонымен желі қандай қызмет атқарады? 2.Неліктен тип желілілер деп аталған? 3.Желілер қандай

тип тармағына бөлінеді? 4.Қандай желілілерде желі мен жүйке түтігі өмір бойы

сақталады? 5.Қандауыршаның тері жабынының құрылыс ерекшелігін атаңдар? 6.Қандауыршаның асқорыту жүйесінің құрылысы қандай? 7.Желілі жануарларға тән белгілерді атаңдар.  
1.Сонымен желі қандай қызмет атқарады? 2.Неліктен тип желілілер деп аталған? 3.Желілер қандай тип тармағына бөлінеді? 4.Қандай желілілерде

Слайд 201.Тип неліктен тікентерілілер деп аталған? 2.Тікентерілілер қайда, қалай тіршілік етеді? 3.Соңғы ауыз

қалай пайда болады? 4.Сутүтікшелі жүйе деген не? 5.Оның жәндік үшін маңызы қандай? 6.Тікентерілілер

неше класқа бөлінеді? 7.Теңіз жұлдызы қалай тіршілік етеді? 8.Теңіз кірпісі қалай тіршілік етеді? 9.Теңіз қияры қалай тіршілік етеді? 10.Су толы өкпе қандай қызмет атқарады?Ол тікентерілілердің қай өкіліне тән мүше? 11.Регенерация құбылысының теңіз жұлдызына қандай қатысы бар? 12.Тікентерілілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?    
1.Тип неліктен тікентерілілер деп аталған? 2.Тікентерілілер қайда, қалай тіршілік етеді? 3.Соңғы ауыз қалай пайда болады? 4.Сутүтікшелі жүйе

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика